Жамбыл облысындағы бес баланың қазасы: әкім қызметінен босатылды

Oinet.kz 05-03-2021 1434

Бақытжан Жақсылықов Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бақытжан Жақсылықов.jpg

- Президент әкімшілігі келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, бес бала қаза тапты. Өрт шыққан кезде балалардың әкесі жергілікті ауруханада жұмыста, ал анасы дүкенде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындаған. Балалардың қаза болу дергі бойынша қылмыстық іс қозғалып, "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бес бала Талас ауданы Үшарал ауылында жерленді.

Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жедел хатын жолдады
Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан шығарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу