Тараз маңындағы жарылыс: Тоқаев қаза тапқан құтқарушылар мен әскерилерді марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
І дәрежелі "Айбын" орденімен:
Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
Заикин Сергей Владимирович (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.
ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.