Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жедел хатын жолдады

Oinet.kz 05-03-2021 1374

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

Токаев и Ердоган.jpg

- Түркияның шығысындағы Бингёль аймағында апатқа ұшыраған «Кугар» әскери тікұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Бір жарым жасар қызды айдалада анасы өлтірген: Сүйегі табылмады
Жамбыл облысындағы бес баланың қазасы: әкім қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу