​ Бейсен Құранбекке жыр шумағын арнаған Қалқаман Сарин жұртты жылатты

Oinet.kz 19-05-2020 19595

Кеше, 18 мамырда белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек қайтыс болды. Қазақ журналистикасында өшпес із қалдырған тұлғаның қазасы халықтың қабырғасын қайыстырғаны мәлім. Ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин нар тұлғаға арнап іштегі шерін жыр жолдары арқылы білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Бұл жайлы Қалқаман Сариннің өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Жақсы еді,

Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,

Жалғанның неге осылай тынбақ соңы?

Бәріне жанашыр боп жүрмекші еді,

Әлі де Алашым! - деп тұрмақшы еді.

Жақсы еді,

Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,

Жанымның басылар ма құрғақ шөлі?

Бұйыртып ғазиз-ғұмыр, ғашық-тағдыр

Бұл өмір тұр ма тағы бұлдап соны?

Жақсы еді,

Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,

"Бармысың, батырым" деп, тіл қатса, өңі

жып-жылы шуақ шашқан күндей болып,

тұратын жан нұрымен жырғап сені.

Жақсы еді,

Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,

Тірліктің тағы алмасып тұр бақ-соры.

Көңілдің қайғысына дауа болып,

Көзімнің жасын біреу құрғатса еді.

Жақсы еді,

Жақсы еді ғой, шын жақсы еді,

Жалғанның шешілмеді-ау жұмбақ-шері.

Жақсы адам! - деген жалғыз сөзде оның,

Бар атақ, абыройы, құрмет, шені!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Шын жақсы еді... @zhanibek.ashimzhanov

Публикация от

Елімізде коронавируспен күрескендер медаль алады
Шымкентте биыл Өнер мектебі пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу