Елімізде коронавируспен күрескендер медаль алады

Oinet.kz 19-05-2020 1468

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күрескендерге медаль беру туралы қаулысымен таныстырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Медаль "Халық алғысы" деп аталады.

Ол коронавирусқа қарсы күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында жасалып отыр екен.

"Коронавирустық инфекцияға қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Халық алғысы" медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) "Халық алғысы" медалімен наградтау қағидалары;

2) "Халық алғысы" медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

"Халық алғысы" медалі белгіден және тағаннан тұрады.

Медальдің белгісі алтын түстес жезден жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер болады.

image.png

Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе «Birgemiz» логотипінің бейнесі жасалған. Медальдің жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек орналасқан. Медальдің төменгі жағында "ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" деген жазу бар.

Медальдің артқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орнатылған. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2020" деген жазу бар.

Cондай-ақ, медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсыратыны айтылады.

«Әйелім алты ай қарамады» - Бейсен Құранбектің естелігінен
​ Бейсен Құранбекке жыр шумағын арнаған Қалқаман Сарин жұртты жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу