Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды (видео)
Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жергілікті демалыс аймағында үш үй, жақын маңдағы аумақ пен орман отқа оранды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бұл жағдай туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті жалын үш үй (адамдар тұрмайды) мен орманды шарпығанын хабарлады.
Төтенше оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, орманшылар мен жергілікті тұрғындар жетті. Жалпы саны - 21 адам.
Ірі өрттің видеосы жергілікті БАҚ беттерінде жарияланды.


