Қытай COVID-19-дан зардап шеккен елдерге қомақты қаржы бермек
Аспан асты елі алдағы екі жылдың ішінде коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қытай елінің басшысы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында айтты.
Бұл туралы осы елдің басшысы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының
Қаржылай көмек алдымен дамушы елдерге беріледі. Цзиньпин сондай-ақ эпидемиямен күреске қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек хабы құрылатынын жеткізді. Және індеттің таралуын жасырды деген сынға да жауап берді.
Оның айтуынша, Қытайдың халықаралық ұйымы дертке қатысты барлық мәліметті дер кезінде таратқан.