Дариға Назарбаева қайтып оралады

Oinet.kz 18-05-2020 9774

Oinet.kz хабарлайды -«Орталық Азиядағы билеушілердің қыздары бірінен соң бірі әкелеріне жақпай қалып жатыр. Өзбекстанның марқұм диктаторы Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова 13 жылға сотталған соң ендігі кезек қазақ деспоты Нұрсұлтан Назарбаевтың 57 жастағы қызына келіп, ол тағынан түсірілді» деп жазыпты француздық Le Point басылымы.

73b94301-5cb7-4ea6-be95-8d3952224017.jpg

Азаттық осы мақаланың үзінділерін келтірген екен. Француздық сарапшылардың жазуынша,  экс-президент қызының Сенаттан кетуі оның саяси карьеасының аяқталғанын білдірмейді. 2007 жылы Дариға Назарбаева күйеуі Рахат Әлиевтің ізімен қудаланудан аман қалған. Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісіне өз елінде түрлі айып тағып, соның ішінде төңкеріс жасамақ болды деп санап, ұзақ жылға түрме жазасына кескен. Вена Әлиевті Қазақстанға беруден бас тартып, өз тергеуін жүргізген, ал 2015 жылы Австрия түрмесінде оның өлі денесі табылған. 

Ресми нұсқа бойынша, Әлиев суицидтен өлген. Рахат Әлиев қайынатасының кәріне ілінгендіктен Дариға Назарбаева «әкесінің ықпалына көніп, күйеуінен ажырасып кетті» деп жазады журнал. Жұрт көзінен бес жылға жоғалып кеткен ол кейін «әкесінің кешірімін алып», саясатқа қайтып оралған. 

- «Бұл жолы да ол шыдамдылығын көрсете алады» деп қорытыпты Le Point.

Дариға Назарбаеваның Гүлнар Каримовадан ең үлкен артықшылығы да осында болса керек. Ол сахнадан кетуді де және қайтып оралуды да жақсы біледі.

Біртанов бір емес, екі қателесті
Жаңа Қаржы министрі тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу