Арман Қуанышбаев Қанат Әлжаппаровқа жауап берді
Белгілі уағызшы, ұстаз Арман Қуанышбаев әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың Ораза туралы айтқан сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты.
Қанат Әлжаппаров осыдан бір-екі күн бұрын тікелей эфирде былай деп айтты:
- Мен аузымды түнде бекіткенмін. Бірақ, түсте шыдай алмай қарным ашып ашып жібердім аузымды. Енді соны ойланып отырмын ұстасам ба, ұстамасам ба деп, - деген болатын Қанат Әлжаппаров.
Белгілі әзілкештің тікелей эфирде айтқан осы сөзіне ұстаз Арман Қуанышбаев жауап берді.
- Мүмкін әзілдеп айтты ма? Бірақ, расында да әзілдейтін,нәрсенің, әр нәрсенің өзінің орны бар ғой. Ораза мен намазбен әзілдеуге болмайды. Мазаққа айналдыруға болмайды. Бірақ, айтатыным Ораза сабырлылықты үйретеді. Егер енді Оразаға сабырлық жетпесе онда қиын. Ал, егер Оразаға денсаулық жетпесе Алла шипасын берсін! Бірақ, енді Оразаға жеңілтек қарауға болмайды, дұрыс емес нәрсе. Негізі оған көңіл қою керек, ықылас бөлу керек. Құдай қаласа ол кісі ықыласты шығар. Қандай да бір себептермен айтқан болар деп жақсы үміт қылайық, - дейді ұстаз Арман Қуанышбаев.