Қостанайлық ару интимдік қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін таяқ жеген (видео)

Oinet.kz 11-05-2020 5190

Әлеуметтік желіде интимдік қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін оңбай таяқ жеген қыздың үндеуі тарап кетті. Қызға өз танысы жыныстық сипаттағы қорлық көрсетпек болған, алайда қыз қарсыласқаны үшін таяқ жеген деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы ол өзінің Дина Таңсәрі өз Facebook парақшасында бөлісті.

 "Менің атым Лаура. 10 мамыр күні құрбыма бардым. Онда арамызда ешқандай байланыс жоқ танысым да болды. Ол маған тиісіп, интимді жерлерден ұстай бастады. Мен бас тартқаныммен, ол бұл әрекетін дөрекі түрде жалғастыра берді. Екінші рет тойтарыс бергенде, ол менің бетімнен ұрды. Мен оны қылмыс жасады деп есептеймін. Ол заң алдында жауап беруі тиіс",- дейді ол. 

Дина Таңсәрі қызға зардап көрсеткен жігіттің аты-жөнін нақтылап айтып, Қостанай полициясынан белгіленген шараларды қолдануды сұрайды.

ҚазАқпарат хабарлауынша, қазір полиция осы факті бойынша ҚР ҚК 121-бабымен ("Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері") сотқа дейінгі тергеуді бастаған. 

 "Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілде, олар аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен қатар, аталған оқиғаның қатысушылары ТЖ режимін бұзуғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық істі тергеу Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жүктелді", - делінген полицияның ақпаратында. 

Видеоға сілтеме: https://www.facebook.com/100000909867714/videos/4043966922310263/

Тоқаевтың ТЖ режиміне байланысты жасаған мәлімдемесі жарияланды
Тоқаев «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу