Балғынбек Имашев министрліктегілерді қатаң сынға алды

Oinet.kz 04-05-2020 5282

Қазақ айтысының саңлағы белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш шегірткелердің қатарына тек қана әншілерді ғана емес, министрлікті де қосты. Бұл туралы ол "Instagram" парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

5e01ec3a1b5f2350823365.png

Айтыскер өз жазбасында елдегі барлық саланы шегірткелер басып кеткендігін ашық айтты. 

- Тәуелсіздктің таңы атқалы реформадан көз ашпаған білім министрлігі, мәдениет пен спорт министрлігі, денсаулық министрлігі секілді мекемелерде (бас әріппен жазуға қимадым)  сайран салған шегірткелердің кесірінен жастарда білім жоқ, қауымда мәдениет жоқ, бүкіл халықта денсаулық жоқ! Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, мал және егін, орман, су, балық шаруашылығын үкіметтен бастап, әр облыс, аудандардағышегірткелер тып типыл еткені қашан, - деді айтыскер ақын. 

Сондай-ақ, Парламентте ғана шегіртке жоқ екенін айтқан Балғынбек Имаш, ол жердегілерді де бір жәндікке теңеді.

- Бізде парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты, әй, бірақ, кесірткеден де үн шығады ғой, бұлар сөйлемейтін "балық" боп қалған-ау. Кесірткелер, бәлкім қарды полициясына құйрығын тастап шетел асып кеткен Виктор жездеміз секілді қашқындарымыз болар, - деді Балғынбек Имаш. 

Ақын Ахметбек ағаның "шегіртке" деген сөзіне шамданғанның түк те керегі жоқ екендігін айтып, өнер адамдарын сабырға шақырды. 

- Өнердегі аға-апа, құрбы-құрдас, іні-қарындастар! Ахметбек "шегіртке" десе Абайға сүйеніп теңеумен айтты, оған шамданбаңыздар. Ән салу шегірткеге тән қасиеттің бір қыры. Жолындағыны жапырған, егінді тып-типыл қылған, көп қаржыны қымқырған, бар байлықты жымқырған шегірткелердің "жемқорлық" қырын қайтеміз? Қашан біз Шегірткеден Құмырсқаға айналамыз! - деп айтыскер ақын өз сөзін қорытындылады. 

Еске сала кетейік, Балғынбек Имаш Ахметбек Нұрсиланың "шегіртке" деген сөзін қолдайтындығын жеткізген болатын.

Балғынбек Имашев Ахметбек туралы ащы шындықты айтып, пікір білдірді
Бейсенбай Тәжібаев: «Қиындықта бір-бірімізге демеу болайық!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу