Өзбекстандық азамат өлген жылқыға жармасып сумен ағып келген
Өлген жылқыға жармасқан Өзбекстандық азамат "Жеңіс" ауылына сумен ағып келген.
Өзге ел азаматын медицина қызметкерлері сол жерден ауруханаға алып кеткен.
Бір түнде Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Жеңіс ауылының 2000-ға жуық тұрғынын қауіпсіз жерге жаппай көшіріп жатыр. Ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан "Сардоба" су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1-мамыр күні сағат 15:55 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекендерде орналасқан коллекторларға су толған.
Әкімдіктің соңғы хабарламасында, "Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендеріне су басу қаупі туындап, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан "Мырзакент" мектеп гимназиясында 600 орын, "С.Рахымов" атындағы мектепте 700 орын, "Пушкин" атындағы жалпы орта мектебінде 400 орын, "Абылайхан" атындағы жалпы орта мектебінде 500 орын дайындалды (барлығы 2200 орын)" делінген. Жағдай қиын. Қазір Мырзакенттің тұрғындары да көшіріліп жатыр.