Шымкенттіктер Бірлік күнімен ерекше форматта құттықтады
Үшінші Мегаполис 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен ерекше форматта құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
130-дан астам ұлтты бір шаңырақ астына жиған, қонақжай Қазақ елінде бүгін айрықша мереке. Дәл қазіргі сын сағат, еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын айқындай түсері сөзсіз. Осындай атаулы мейрамды ескерусіз қалдырмаған Шымкент қаласының тұрғындары бір сәтте терезеден Көк Туды желбіретіп, бірлігіміз бекем болсын деп ұрандатты. Ерекше құттықтау көпшіліктің назарын өзіне бұрғызбай қоймады. Төтенше жағдай кезінде жасалған ерекше құттықтау халықты жігерлендірері сөзсіз!