«Топить етіп отырсыз» Айгүл Иманбаева журналист Дина Төлепбергенге ренжіді
Қазақ эстрадасының жұлдызы Айгүл Иманбаева журналист, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепбергенге қатты ренжіді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
КТК арнасындағы "Астарлық ақиқат" бағдарламасының соңғы шығарылымында жұлдыздар өткізетін лотореялар туралы талқыланды. Талқылау барысында Дина Төлепберген әнші Жеңіс Сейдолламен тікелей эфирде ұтыс өткізу заңдылығы туралы сөйлесті. Cұхбат кезінде журналист Дина Төлепберген Жеңіс Сейдоллаға:
- Әншілер лоторея өткізуге, ұтыс өткізуге мәжбүрміз. Өйткені, дисктерімізді сату қиын деп жатыр. Ары қарай жалғастыра берсін бе осы кәсібін? Әлде қалай? - деп сұрақ қойды.
Бұл сөз актриса, әнші Айгүл Иманбаеваға ұнамады.
- Мен неге күйіп отырмын? Сіздер әншілер мен халықтың арасын арандатып тастағансыздар. Бетке айту керек, қазір отырып алып только топить етіп отырсыз сіз осы жерде. Дина, мен сізді құрметтеймін. Жақсы көрем. Бірақ, неге бізге бір ауыз түсіндіруге мүмкіндік бермейсіз? Тәптіштеп отыруға уақыт жоқ дейсіз. Вот именно тәптіштеменнен кейін халық түсінбей жатыр. Сұмдық қой мынау, - деп әнші ренішін білдірді.
Еске сала кетейік, жақында әнші Ернар Айдар өткізген ұтыс ойыны төңірегінде дау туындап, көптеген былық-шылықтар анықталған болатын. Кейіннен Ернар Айдар көпшілікке алданып қалғаны туралы айтып, кешірім сұрады.