Он адамды өрттен құтқарған Әлиге Оңтүстік Корея жаңа қызмет ұсынды

Oinet.kz 30-04-2020 9499

Оңтүстік Кореяда он шақты адамды өрттен құтқарған қазақстандық азаматқа сол елде өрт сөндірушінің қызметі ұсынылды. Алайда, Әли бұл ұсынысты қабыл алмады. Себебі, қабыл алған жағдайда  ол Қазақстан азаматтығынан бас тартуы керек. Бұл туралы Әли 29 сәуірде Канвондо елді мекеніндегі Яньян мэриясында болған марапаттау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар24".
Он адамды өрттен құтқарған Әлиге Оңтүстік Корея жаңа қызмет ұсындыКорея билігі қазақстандықтың өрттен кейін тиісті ем алуы үшін виза берген. Бұл Әлиге Оңтүстік Кореяда тағы жарты жыл тұруға мүмкіндік береді. Ал, осы уақыт аралығында қазақстандықтың Кореяда тұруға рұқсат беру мәселесі қарастырылмақ.
Сонымен қатар, Кореяның ірі компанияларының бірі Әлидің Қазақстандағы отбасын карантин аяқталып, шекара ашылған соң алып келуге уәде берген.
Естеріңізде болса, бұған дейін қазақстандық мигранттың өрттен ондаған адамды құтқарғаны туралы баспасөз беттерінде жазылған болатын. Әлидің ерлігі жайында оңтүстіккореялық басылымдарда да жазылды.
Кейін Әлиге арнайы виза беріліп, "LG Welfare Foundation" қоры өзгелерді құтқарған жандарға берілетін арнайы  "LG Personnel Award" жүлдесін табыстады

​«Үй көрмедік»: Коронавируспен күресіп жүрген отандық дәрігерлер жанайқайын жеткізді
Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу