«Үй көрмедік»: Коронавируспен күресіп жүрген отандық дәрігерлер жанайқайын жеткізді
Елімізде коронавирус инфекциясымен күрес жалғасуда. Вирус жұқтырған адамдармен жұмыс істеп жүрген республиканың барлық дәрігерлері бір айдан бері жақындарын көрмеген. Түрлі қалалардағы ақ халаттылар жұмыс кезінде қандай қиындықтармен кездесетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Мемлекеттік органдар карантин режимін бәсеңдету туралы шешім қабылдағанына қарамастан, дәрігерлер әлі де қазақстандықтардан сақ болуды және шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауды сұрайды. Семей, Ақтау және Өскемен қаласының үш дәрігері жұмыс күндері және пандемия басталғаннан бері туысқандарын көрмегені жайлы әңгімелеп берді. Дәрігерлердің айтуынша, оларға көп жұмыс істеу керек. Коронавирус жұқтырған науқастарды құтқару үшін дәрігерлер іс жүзінде жұмыс орнында өмір сүруге мәжбүр, сондай-ақ, бұл олардың өздеріне үлкен қауіп төндіреді. Семей қаласының дәрігері Әсем Ибраева қалалық жұқпалы аурлар ауруханасында жұмыс істейтінін айтты. Ол 16 сәуірде коронавирус инфекциясы бөліміне ауыстырылған. Әйелдің айтуынша, ол үнемі балаларын ойлап, отбасын қатты сағынады. Ақтау обсерваториясының дәрігері Ғабит Шәудірбаев жұмысты 21 наурыздан бастағанын айтты. Осы сәттен бастап дәрігер аурухананың қабырғасынан әрі шықпаған. Ер адамның айтуынша, оған күндіз-түні жұмыс істеу керек.
Сондай-ақ, маман қазақстандықтардан карантиндік шараларды сақтауды өтінді, өйткені дәрігерлер қауіпті вируспен бір айдан астам уақыт бойы "отбасын да, үйін де көрмей" күресіп келеді. Өскемен қаласының жұқпалы аурулар бойынша дәрігері Екатерина Бухарина да өз аймағында алғашқылардың бірі болып вирус жұқтырған адамдармен жұмыс істей бастады. Оның айтуынша, дәрігерлерге жабық ортада жұмыс істеу керек, бұл олар үшін өте қиын, себебі дәрігерлер де өз отбасыларын сағынып жүр.