Нұржігітов тірлікті түзей алмады
31-05-2023
Нұр-Сұлтан қаласында ер адам өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Түркістан облысындағы оның туыстары марқұмның денесін елордадан күтіп отырғанда, көз жұмған азаматтың коронавирус жұқтырғаны анықталыпты. Бұл хабарды жергілікті билік өкілінен келгендер жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, елордалық медицина қызметкерлері анықтамаға ер азаматтың буынып өлгенін анық жазып берген. Сол себепті оның денесін туыстарының қолына бере салған көрінеді. Ал "коронавирус жұқтырды" деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Телеарна ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, марқұмның денесін неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірмегенін жеткізді. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс. Осыған байланысты Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев осыған байланысты пікір білдірген.
- "Асылып өлген. Асылып өлгеннен кейін короновирусы бар мәйітханада анықталған. Арнайы хабарлады бізге. Мемлекеттік сараптаманың арнайы хатын алдық. Бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой, жұмыстан қалып. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдар бар, түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы бар, туысқандары бар", - деді ол.