«Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасымен тікелей байланысты» - Ерлан Сыдықов

Oinet.kz 24-04-2020 1755

Келер ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін терең ұғынып, зерделеуге тура келеді. Мұндай пікірді «Еуразиялық интеграция - Н.Назарбаевтың тарихи бастамасы» тақырыбындағы онлайн режимде өткен телекөпір барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

image.png

- «Еуразиялық интеграция идеясы алғаш рет осыдан 26 жыл бұрын көтерілгені белгілі. Сол уақыттан бері ол өзектілігін жойған емес. Тіпті оның түпкі мәніне деген қызығушылық артып келе жатыр десем де болады. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мемлекеттіміздің Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты екендігі сөзсіз», - деді университет ректоры. 

Оның атап өтуінше, барлық жаһандық және өңірлік дағдарыстарға қарамастан Елбасы бүгінде өзінің тарихи миссиясын сәтті орындап, Қазақстанның бірлігін, тұрақтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. 

- «Келер ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы ретіндегі рөлін зерделеп, ұғына түсуге тура келеді. Елбасының реформаторлық қызметін тарихи тұрғыда бағалау қажет», - деді Ерлан Сыдықов.

Сонымен қатар ол бүгінде барша әлем жаһандық ауқымдағы проблемалармен бетпе-бет келіп отырғандығын баса айтты. 

- «Ынтымақтастықтың бірлескен қадамы ғана жаһандық апаттарға қарсы-тұрудың, жоғары дамыған зияткерлік қоғамға жетудің жолы екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр», - деді ол. 

Еуразия ұлттық университеті мен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы бірлесіп ұйымдастырған телекөпір барысында Еуразиялық интеграцияның тұжырымдамалық мәселелері, одақ мемлекеттерінің білімі мен экономикалық өсімі арасындағы өзара байланыс, ғылым мен заманауи инновациялық технологияларды дамыту, еуразиялық экономика және мәдени ынтымақтастық векторлары талқыланды.

Бүгін Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді
Полицияға ұсталған Ернар Айдар кешірім сұрады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу