Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Коронавирус инфекциясы адам ағзасында қан тромбтарының пайда болуына алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы MedicalXpress басылымында жазылыпты.
Дәрігерлер қатерлі вирустың қанның ұюына және тромбтардың түзілуіне әсер ететінін анықтапты. Өз кезегінде мұндай асқынулар тыныс алу жолдарының қызметін бұзып, өкпені зақымдайды. АҚШ-тың Алабама университетінің докторы Джина Марраццоның сөзінше, қанның ұюы науқастардың иіс сезу қабілетінің жоғалуына да ықпал етеді. Еске салайық, індетке шалдыққандардың арасында аурудың осындай белгілері байқалған болатын.
Нью-Йорк қаласында Бет-Изрейел медициналық кешенінде қызмет атқаратын сарапшы Хуман Пур коронавирус жұқтырған бес адамның тыныс алуының нашарлауына дәл осы ұюған қан себеп болғанын анықтапты. Айтуынша, жасанды тыныс алу аппараттарының қауқарсыздығы осыған байланысты.
Дәрігерлер көптеген вирустық аурулар қанның ұюына жиі алып келетінін айтады. Мысал ретінде, олар ВИЧ инфекциясын келтірді.
Десекте тромбозды емдеу, керісінше, науқастардың жағдайын ушықтырып жіберуі мүмкін көрінеді. Өйткені тромбтарды ажыратуға қолданылатын плазмин ферменті коронавирусқа мүлдем төтеп бере алмай, ағзада ауру тудырушыларды көбейтіп жіберуі ғажап емес.