Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Бүгін Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы Марат Пашимов тағайындалды. Сізге қызметте жетістіктер тілеймін. Мен қысқаша Мұқан Кеңесбекұлы жайында айтқым келеді. Біздің бірге қызмет жасаған жылдарда ол кісі біздің көптеген жаңа жобаларымызды қолдап, бізбен тығыз байланыста жұмыс жасады. Атап айтар болсам, мүмкіндігі шектеулі балаларға салауатты өмір салты бөлмесін ашуға, оларға арналған арнайы оқулыктар жасап шығаруға арналған алғашқы жобамызды қолдады. Қазір балалардың игілігіне қызмет атқаруда. Сонымен қатар қарттардың салауатты ұзақ жасауына арналған геронтология бойынша жобамыз да жүзеге асырылды. "Қазақтың жаңа табағы" атты дұрыс тамақтану бойынша жобамыз, бұл жан жақты жүзеге асырылды. Ана сүтінің маңыздылығымен басталып, мектеп оқушыларының, қарттардың салауатты тамақтануына дейін қамтылды. Түрлі ғылыми жобалар, жасөспірімдер мен жастар денсаулығы да тыс қалмады.
Облыс әкімдігінің қолдауымен барлық мекемеде өндірістік жаттығулар жасауға да өз ықпалын тигізді. Үлкен форумдар, халыкаралық конференциялар да Мұқан Кеңесбекұлының арқасында жүзеге асырылды. Мен өз атымнан, ұжымы мыздың атынан Мұқан Кеңесбекұлына шексіз алғысымызды білдіремін. Сіздей басшымен қызметтес болғаныма мақтанамын. Сізге амандық пен денсаулық тілеймін.
Ізгі тілекпен Байзахова Фарида Сатанқызы