Шымкенттік полицей карантин кезінде пара алып, масқараға ұшырады
Шымкенттік полицей блокпосттан кедергісіз өткізу үшін пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы онлайн брифингіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің апарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті жол-патрульдік полиция полкінің полицейіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол елдегі төтенше жағдайға байланысты қызметтің күшейтілген тәртібіндегі жұмысы кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен 25 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол параның есесіне серіктестік өкілін рұқсат құжатсыз көше бойындағы ішкі блокпосттан кедергісіз өткізуге, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауға келіскен.