«Құмырсқа сияқты»: Полициядан қашқан астаналықтар елді күлкіге қарық қылды

Oinet.kz 20-04-2020 1389

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы алаңдардың бірінде полициядан жаппай қашқан астаналықтардың видеосы тарады. Қалада балалар мен ересектер карантин ережелеріне қарамастан, сыртқа қыдыруға шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жағдайды жоғарғы қабатта тұратын тұрғын түсірген. Оның терезесінен алаңда қыдырып жүрген бір топ адамды көруге болады. Видео кадрларынан карантин режимін 50-ге жуық адам ұстанбағаны байқалады. Бейнежазбаның ең қызықты сәті аумаққа полиция қызметкерлері келгенде басталады. Тәртіп сақшылары дыбыстық ескертпемен алаңға бұрылғанда, үй тұрғындары жапа-тармағай қаша бастаған. 

- "Карантин? Жоқ, естімедік", "Құмырсқа сияқты", "Біз ғана үйде отырған сияқтымыз", "Бір жағынан қызық, бір жағынан қорқынышты", "Полиция жарайсыңдар. Балаларды, ата-аналар мен ата-әжелерді тұтқындамас үшін алдын ала ескертпе беріп жатыр", "Барлық алаңдарда осылай", "Бұлай болса, карантин жалғаса береді. Тек үйде отырып, балконға ғана шығыңыздар",- деді желі қолданушылары. 

Айта кетейік, күні кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантинді сақтауға шақырды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

А вы нарушаете карантин? . Видео присылайте сюда

​«Қатты жөтел қысты»: Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырды
Тоқаев: «Елімізде COVID-19 өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу