Қазақстанда соңғы жылдары сәбилерге жиі қойылған есімдер тізімі жарияланды

Oinet.kz 17-04-2020 1083

ҚР Әділет министрлігінің АХАТ басқармасы 2019-2020 жылдары нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер тізімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі жыл ішінде ұлдарға Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам есімдері өте жиі қойылған.

Атап айтқанда, 2019 жылғы Әлихандар саны - 4268, Айсұлтан - 3270, Нұрислам - 2528.

Ал 2020 жылғы Әлихан есімі - 1204, Айсұлтан - 841, Нұрислам есімі 765 балаға қойылды.

Қыздарға Райана, Медина, Айзере есімдері ең жиі қойылып жүр.

Атап айтқанда 2019 жылы 5601 қыз балаға Райана, 5320 сәбиге Медина, 4510 сәбиге Айзере есімі берілген.

Биылғы жылы да бұл аттар өте жиі қойылуда. 2020 жылы 1289 Медина, 1183 Асылым 1172 Раяна дүниеге келді.

6,6 миллион қазақстандық 42 500 теңгелік төлемге өтініш берген
Билікке "халыққа ақша бер" деу – қателік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу