Көріпкел жігіт Қазақстанда коронавирустан қанша адам көз жұматынын айтты

Oinet.kz 10-04-2020

Көріпкел жігіт Қазақстанда коронавирустан қанша адам көз жұматынын болжады. Танымал көріпкел Камрян Самедов Қазақстандағы коронавирус пандемиясына қатысты бірқатар болжам айтты. Ерекше қасиет иесі елімізде қауіпті індеттен қанша адам көз жұматынын жеткізді. Оған қоса, ол республика бойынша жарияланған карантин режимі қашан аяқталатынын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.  

image.png

Камрян Самедов ең алдымен 15 сәуір аяқталуы тиіс карантин уақыты мамыр айына дейін созылатынын алға тартты. 

- "Менің көруімше, карантин мамырға дейін болу керек. Карантинді созу керек болады. Ауру әлі тарайды. Мамырға дейін карантин болатынын көріп тұрмын. Алайда, халық қауіпсіздігі үшін карантин мамыр соңына дейін болғаны дұрыс. Жоқ дегенде мамырға дейін созылу қажет. Себебі, неғұрлым адамдар үйде отырып, сақтық шараларын ұстанса, соғұрлым құрбандар мен вирусты жұқтырғандар саны азады" , - деді ол. 

Сонымен қатар, көріпкел Қазақстанда коронавирус неше адамның өмірін қиятынын айтты. 

- "Мен Қазақстанда коронавирус жоқ болған кезде президентке үндеу жасап, Қытаймен бүкіл әуе және басқа да байланысты тоқтатуды сұрадым. Сол жариялаған видеом он минуттың ішінде барлық әлеуметтік желіде тарап кетті. Шекара сол кезде жабылмағанда 1000-1500 адам қайтыс болатын еді. Мен сіздерге айтайын, Қазақстанда қауіпті вирустан көп өлім болатынын көріп тұрғам жоқ. Дабыл қағып, алаңдауға негіз жоқ. Мүмкін бірнеше адам бұл індеттен көз жұматын шығар. Бірақ, Италия, Испания және Қытайдағыдай құрбандар саны Қазақстанда болмайды. Қайтыс болатындардың нақты санын айта алмаймын. 40-50 адам қаза болуы мүмкін. Егер, карантин ұстансақ Қазақстанда өлім саны көп болмайды деп ойлаймын. Мен мұны сенімді түрде айтып тұрмын" , - деді көріпкел. 

Камрян Самедов коронавирус инфекциясынан емді ешбір мемлекет таба алмайтынын айтты.

Біртанов үстемақыға наразы болған алматылық дәрігерлерге жауап берді
Коронавирустан көз жұмған павлодарлық 118 адаммен байланыста болған

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×