Айсұлтан Рахатұлы анасы Дариға Назарбаевадан кешірім сұрады

Oinet.kz 02-04-2020 2889

Айсұлтан Рахат facebook парақшасына анасы Дариға Назарбаевадан кешірім сұраған жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5e85170c1277e039422996.jpeg

Көлемді жазбасының орта тұсына дейін енді ғана «ес біліп, етек жиғанын», оның өзі Алла Тағаланың арқасында болғанын толғай келіп, «ең күшті қару – жақындарына деген сүйіспеншілік» екенін, сол үдерісті өзінен бастайтынын айтқан. Сосын барып «Қымбатты анашым...» деп тебіренген тұсын қазақшаласақ, былай:

«Мен сенен ашулы кезімде ренжітіп алғаным үшін кешірім сұраймын. Біздің арамызда не болғаны маңызды емес. Мен әлемде ең көп қателік пен жамандық жасаған адаммын. Сені ренжітуге ешқандай хақым жоқ еді. Сен мені дүниеге әкелдің, өсірдің, тәрбиеледің.

Screenshot_6.jpg

Біз пендеміз, барлығымыз қателік жасаймыз. Мен де қателестім. Сен де мені кешіресің. Бұған сенімдімін. Себебі, сенің жүрегің мейірімге толы. Сенің де өмір жолың оңай болмады. Алла бізге көптеген сынақ берді. Аллаға көзімді ашқаны үшін сансыз рет шүкір айтамын. Бүгіннен бастап адал боламын.

Анашым, сенен кек алғым келгені үшін және сенің жүрегіңді ауыртқаным үшін кешірім сұраймын. Сені қатты жақсы көремін. Бұл сөзді сирек айтатыным үшін де кешірім сұраймын. Алланың атымен ант етемін, мен сені кешірдім. Сен де мені кешір! Біз бір-бірімізді жақсы жаққа қарай өзгертеміз деп ойлаймын. Жек көру мен жақсы көрудің арасы бір қадам деп бекер айтпайды ғой».

Біртанов сыйақы алмағанын хабарлаған дәрігерлерге үндеу жолдады
Шымкентте карантинге қарамастан жезөкшелердің жұмысы қызып тұр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу