Біртанов сыйақы алмағанын хабарлаған дәрігерлерге үндеу жолдады

Oinet.kz 02-04-2020 1312

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов уәде етілген сыйақыны алмағанын хабарлаған дәрігерлерге үндеу жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы. 

88_main.jpg

Бұл туралы Біртанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Ол дәрігерлердің арызын мұқият оқып, наразылықтарын түсінгенін жеткізді. Алдымен министр ауруханада коронавирус инфекциясымен күресіп жүрген дәрігерлердің жұмыс жағдайы туралы ренішіне жауап қатты. Біртановтың сөзінше, бұл сұрақ дәрігерлерде ғана емес, өзінде де туындаған. Ол стационардың жұмысын тексеретін комиссияны тез арада шақыратынын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі мемлекеттік комиссия отырысында тағы да дәрігерлердің жағдайы туралы мәселені көтеретінін айтып, сендірді. Дәрігерлердің "бюджеттен бөлінген және кәсіпкерлер қайырымдылық жасаған ақша қайда жұмсалды" деген сұрағанына, ол медициналық жабдықтар, сынақ құрылғылары және жеке қорғаныс құралдары сатып алынып жатқанын білдірді. Қаражаттың бір бөлігі пандемия кезінде шетелде жүрген қазақстандықтарды эвакуациялауға жұмсалатынын тілге тиек етті. 

Сонымен қатар, қаржының бір бөлігі медицина қызметкерлері мен ел экономикасын қолдауға жұмсалатыны белгілі болды. Алайда министр алдағы күндері қауіпті эпидемиологиялық жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр дәрігерлерге ай сайынғы сыйақының тағайындалатынын уәде етті. 

Министрдің айтуынша, барлық медицина қызметкерлері қауіп тобына байланысты 3 санатқа бөлінді. Жоғары тәуекел тобына жататындар 850 мың теңге, екінші тәуекел тобы - 425 мың, үшіншісіне - 212 мың теңге алады. Бұл санаттарға кірмей қалғандар үшін Біртанов қазір Денсаулық сақтау министрлігі қосымша ақы алатын қызметкерлердің тізімдерін жасап жатқанын айтты. 

Сөзін қорытындылай келе, Біртанов Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі коронавируспен күрес жөніндегі штабқа кіргісі келетін дәрігерлерге жүгінді. Министрдің айтуынша, медицина саласының қызметкерлері қалалық немесе облыстық денсаулық сақтау департаментінің кадр бөлімдеріне байланысу керек. 

Коронавирус жұқтырған 90 жастағы әже аппараттан бас тартып, көз жұмды
Айсұлтан Рахатұлы анасы Дариға Назарбаевадан кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу