Коронавирус жұқтырған жас жұбайлар ауруханадан қашып кетті

Oinet.kz 30-03-2020 7632

РФ-ның Владивосток қаласындағы жұқпалы аурулар емханасынан жас жұбайлар қашып кетті, деп хабарлайды Baq.kz. 

9cc5b78f836254beb21ae4b488731383.jpg

Олар 27 наурыз күні Израильден ұшып келген. Әуежайдағы тексеріс кезінде саяхатшылардан коронавирустың ешқандай белгісі анықталмаған. Сондықтан оларды үйлеріне оқшаулануға жіберген. Алайда біраз уақыт өткен соң жас жұбайлар өздерін жайсыз сезінетіндерін хабарлап, жедел жәрдем шақырған.  Нәтижесінде олар Владивосток қаласындағы жұқпалы аурулар емханасына жеткізілген. Олар наурыздың 28-і күні ауруханаға түнеп, кейін қашып кеткен. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Жас жұбайлар карантин ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Танымал ақын Аманхан Әлімұлы қайтыс болды
Коронавирус жұқтырған 7 науқас ауыр хәлде жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу