Қытайлық дәрігерлер коронавирустың күн сайынғы белгілерін айтып берді
Қытайлық дәрігерлер коронавирус жұққаннан кейін күн сайынғы белгілері қандай болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
1-4 күн. Дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттер ауырып, құрғақ жөтел, жүрек айнуы және диарея пайда болады.
5-6 күн. Дем алу қиындайды.
7 күн. Тыныс алу қиындай түседі.
8-9 күн. Инфекцияны ауыр тасымалдайтын науқастарда өкпе өмірлік маңызды органдарды оттегімен тиіс түрде қамтамасыз ете алмайды.
10-11 күн. Басқа да белгілерге іштің ауыруы қосылады.
12 күн. Науқастар жазыла бастайды және дене қызуы төмендейді.
17-22 күн. Науқастар емделіп, аурудан кейін қалыпқа келу басталады.
Алғашқы белгілер вирус жұқтырғаннан кейін бірден байқалмайды. Вирусты жұқтырған адам бес немесе одан да көп күн бойы аурудың белгілерін сезінбеуі мүмкін.