Мүмкіндігі шектеулі жандарға 4000 дана медициналық бетперде таратылды

Oinet.kz 27-03-2020 957

Screenshot_18.jpg

Түлкібас ауданында еріктілер есебінен тігілген 4000 дана медициналық бетперде мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға және халықпен етене жұмыс жүргізетін мекеме қызметкерлеріне таратылды.

Атап айтқанда, қамқорлық бағдарламасына қатысушы 93 жанұяның 540 отбасы мүшесіне және 500 ден астам мүмкіндігі шектеулі жандарға үйме-үй үлестірілді. Тарату жұмыстарына ауданымыздың ерікті жастары тартылып, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары ат салысты.

Screenshot_17.jpg

Screenshot_16.jpg

Шара барысында «Қамқорлық» жобасына қатысушы отбасыларға бірінші кезектегі қажетті азық-түлік жинақталған қорабтар табысталды.

Бетперделерді тігуде қол ұшын созған ауданымыздың ерікті тұрғындары мен кәсіпкерлеріне және білім ұяларындағы еңбек пәнінің мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!

#BizBirgemiz #stopcovid19_Turkistan

Коронавирустан қорғайтын білезік пайда болды
Тоқаев "Қалаулым" жобасына қатысты тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу