Коронавирустан қорғайтын білезік пайда болды

Oinet.kz 27-03-2020 1219

АҚШ-та адамның қолы бетіне тисе дірілдейтін білезік жасалды. Осылайша, құрылғы иесін коронавирус жұқтырудан қорғайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

photo_65288.png

Білезікте қол қозғалысын секундына 10 рет өлшейтін акселерометр орнатылған. Бұл электрон құрылғының көлбеу бұрышын анықтайтын датчиг. Бүгінде ол кез келген смартфон мен фитнес білезікте бар.

Гаджеттің мақсаты тек қолды бетке тигізбеу емес, бұл әдеттен арылуға көмектесу. Адам дірілді сезгенде, ми кері байланыстың теріс екенін түсінеді, осылайша қолды мұрынға немесе көзге апаруға ниетті елемеуге үйретеді.

- "Біз мұнымен ақша табуға тырыспаймыз. Біз әрбір білезікті материал, дайындау, жинау және өңдеу бағасын ескере отырып, өзіндік құнына сатамыз", - дейді жобаның тең құрылтайшысы Джастин Айт.

Immutouch білезіктері 50 доллар (22 мың теңге) тұрады.

Еске салайық, сарапшылар коронавирусты жұқтырмау үшін жиі қолды жуып, бетті ұстамауға кеңес береді. Worldometers мәліметтері бойынша, әлемде 540 мыңнан астам вирус жұқтырғандар тіркелген. 24 мыңнан астам адам көз жұмды, 125 мыңнан астам адам сауығып кетті. Қазақстанда 125 оқиға тіркелді, екі адам сауығып шықты, бір адам қайтыс болды.

Министр кімдерге үш ай кредит төлемеуге болатынын айтты
Мүмкіндігі шектеулі жандарға 4000 дана медициналық бетперде таратылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу