Мысырдан келгендер карантиннен бас тартты

Oinet.kz 27-03-2020 1399

Шетелде демалып, елге оралған Шахтинск тұрғындары ауруханаға барғысы келмей, үйде өздерін "оқшауламақ" болды, деп хабарлайды Sputnik

image.png

Мысырдан оралған Шахтинск тұрғындары полиция мен дәрігерлерді табалдырықтан аттатпады. Құқық қорғаушылар құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 25 наурызда Шахтинск қаласында болған.

"Мысырдан ұшып келген адамдар қажетті медициналық тексерістен өтуден бас тартып, полиция мен медицина қызметкерлеріне есікті ашпады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар төртінші қабатта орналасқан пәтердің балконына автосаты орнатты. Осыдан кейін үй иелері сыртқы есікті өз еркімен ашты", - деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.  

Азаматтар сапардан кейін карантинде отырғысы келмей, үйде өздерін оқшауламақ болған.

Қарағанды полиция департаменті тұрғындардың ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты оқиға орнына полиция жасағы мен учаскелік полиция қызметкері шақырылғанын атап өтті. Төтенше жағдай режимі кезіндегі заң бұзушылықтар туралы заңнаманы түсіндіргеннен кейін, отбасы Қарағандыға өз еркімен карантинге баруға келісті.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Пожарным пришлось идти на ухищренные методы, чтобы вызволить их из квартиры. Необычным образом пришлось вызволять из квартиры и везти на карантин карагандинскую семью, которая вернулась из заграничного путешествия, но отказалась ехать в больницу на карантин, передает корреспондент Today.kz. Семья приехала из Египта. В Караганду от прибыли через Алматы. _ "От госпитализации они отказались. Пришлось привлекать пожарных", - сообщили в пресс-службе департамента полиции Карагандинской области. Пока спасатели по специальной пожарной лестнице поднимались в квартиру к протестующей семье, за действиями наблюдали полицейские, врачи и очевидцы. В итоге, семью доставили в больницу. У них взяты анализы и направлены на исследование. ___ Источник: today.kz ___ @karaganda_vkurse Как вы считаете, это безответственность?

Публикация от КАРАГАНДА / KARAGANDA / 09 (@karaganda_vkurse)

Коронавирус: Елімізде 125-ші науқас тіркелді
«Теңізшевройл» шетелдік компаниясы коронавируспен күреске 1,3 миллиард теңге бөлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу