Елімізде коронавирус жұқтырғандарды анықтайтын карта пайда болды

Oinet.kz 24-03-2020 1334

Енді коронавирус жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдардың қай жерде орналасқанын білуге болады, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

ea025d4716943b3095e0b4a56dd53030.jpeg

ЕGov-та коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болды. Ондағы қызыл белгішелер - коронавируспен науқас адамдардың стационарда орналасқан жерлерін көрсетеді, көгілдір белгішелер - коронавируспен науқас адамдармен байланыста болған адамдардың тіркелген жері, олар стационарлы немесе үй карантинінде болуы мүмкін.

24 наурыз сағат 09:00 бойынша елімізде жалпы 66 жағдай тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам.

Сұлтанов: «Бәріне ескерткім келеді!»
Дос Көшім: «Қазір шынында да Тоқаев сол Әміржанның бағдарламасын істеп отыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу