Сұлтанов: «Бәріне ескерткім келеді!»
Сауда министрлігін басқаратын Бақыт Сұлтанов карантин жарияланбаған қалалардағы базарлар мен СОО жұмысын қалпына келтіру туралы Үкімет қабылдаған шаралардың себебін түсіндірді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Министр түсініктемесі FACEBOOK-тағы парақшасында жарияланды.
Өз хабарламасының басында министр Қазақстанның екі астанасында барлық ірі сауда нысандары карантин режимінде жұмыс істейтінін, яғни, СОО аумағында тек дәріханалар мен супермаркеттер жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
Осы қиын кезеңде коронавирустың таралуының алдын алу мен жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу арасындағы тепе-теңдікті табу қажет деп түсіндірді Сұлтанов.
Бүгінгі күні коронавирус Қазақстанға зарарланған елдерден келгендерден ғана анықталды.
Министрдің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық қызметтердің жедел жұмысының арқасында барлық қауіп-қатерлер тез анықталады, сондықтан Үкімет карантин режимі жоқ қалаларда сауда нысандарының жұмысын қайта бастауға шешім қабылдады. Мұндай шаралар осы нысандардың қызметкерлері өз отбасыларын қамтамасыз ете алуына бағытталған.
Министр сондай-ақ барлық сауда нысандарында санитарлық талаптардың күшейтілгенін еске салды: сауда үйлерінде санитайзерлер орнатылуы тиіс, еден және басқа да шаң жиналатын орындарды әрбір үш сағат сайын дезинфекциялау құралдарымен тазалау керек, ал қызметкерлер қолғаптар мен бетпердеде жұмыс істеуі тиіс.
Сондай-ақ, дүкендерде кезек көбеймеуін, ал адамдар бір-бірінен лайықты қашықтықта тұруын қадағалаған жөн.