Тағы екі адамда коронавирус инфекциясы анықталды
Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар науқастардың жалпы саны 60-қа жетті, Алматыда тағы екі жағдай анықталды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда коронавирустың тағы екі жағдайының расталғаны жөнінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны - 60-қа жетті: Алматыда - 27, Нұр-Сұлтанда - 31, Қарағандыда - 2 және Ақтөбе және Алматы облыстарында біреу.