Медициналық маскалар қауіпті болуы мүмкін
Тіпті медициналық қолғаптар да тиімді емес.
Сарапшылар айтып отырғандай, медициналық бетперде эпидемия кезінде тіпті қауіпті болуы мүмкін екен.
Медициналық маска инфекцияның таралуынан қорғаудың тиімді әдісі болып табылмайды. Керісінше олар адамға зиян келтіруі мүмкін екен, деп жазады ferra.ru.
MedicalXpress басылымында сарапшылар медициналық маскалар адамдарға қауіпсіздікті қадағаламауға жол беретінін айтады. Осыған байланысты, оларды киген көптеген адамдар қарапайым алдын алу шараларын ұстануды тоқтатады, оның ішінде қолданар алдында қолды үнемі жуу керектігі ескерілмейді.
Мамандардың айтуынша, көптеген адамдар бетперде киеді, алайда олар бетпердеге қолды тигізбеу керектігін ұмытып кетеді. Адамдар маскаларды жиі түзетеді, осыған байланысты инфекцияның таралу ықтималдығы да артады.