Денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған Алматыдағы пациенттердің жағдайын айтты

Oinet.kz 18-03-2020 701

Алматы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг барысында коронавирус анықталған науқастардың жағдайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вирус 1974 және 1998 жылы туған екі әйелден анықталған. Олардың бірі Мәскеуден, екіншісі Стамбулдан келген. Екі науқас та ем қабылдап жатыр, сонымен қатар олар байланысқа түскен адамдар анықталуда.

Әбілдаевтың хабарлауынша, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 науқас жатыр. Сондай-ақ екі бала және олардың бірінің анасы балалар жұқпалы ауруханасында.

Барлық байланысқа түскен адамдар карантинге алынды.

Әбілдаевтың хабарлауынша, екі баланың жағдайы қазір қанағаттанарлық, дене қызулары жоқ. Ауруда симптомдық белгілер жоқ.

"Екі жастағы бір қыз анасының жанында, анасынан да коронавирустық инфекция анықталды", - деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, Алматыда жатқан барлық 17 науқастың жағдайы бүгінде қанағаттанарлық, олардың ешбірі жасанды демалдыру аппаратына қосылмаған.

Сондай-ақ Әбілдаев Стамбулдан келген науқастың неліктен үй карантиніне алынбағанына жауап берді.

"Түркия үй карантиніне алынатын елдер қатарына енген жоқ. Ол ЖРВИ белгілері анықталмаса да, өзі жедел жәрдемге түнде жүгінген. Дегенмен барлық лабораториялық анализдер алынып, оны ауруханаға жатқызды. Байланысқандар мен туыстары карантинге жатқызылды", - деді Әбілдаев.

Сонымен бірге ол Алматыда емделулері керек адамдар үшін кіру және шығуға рұқсат етілген. Әбілдаев науқастармен байланысқа түсіп жатқан дәрігерлер жайында да сөз қозғады.

"1300-ден астам медицина мамандары жұмылдырылды, олардың жартысы - дәрігерлер. Олардың бәрі қауіпсіздік режимін сақтап жатыр, қорғаныш костюмдерін киюде, жұмыстан шығар алдында дене қызуларын өлшейді, жақындары және туыстарымен байланысын шектеуде", - деді Тілеухан Әбілдаев.
Коронавирусқа байланысты Бас прокурордың орынбасары мәлімдеме жасады
Назарбаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы тұрмысы төмен отбасыларға 150 мың теңге бағыттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу