Жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылады

Oinet.kz 17-03-2020 1092

Жалпыға бірдей белгіленген режімде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

image.png

«Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіруді ұлғайтудан басқа салықтық ынталандыру көзделеді. Мұнда төлдейтін ірі қара малды, асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтердің импортына салынатын қосылған құн салығынан босату болжанған. Сондай-ақ шамамен 7 мың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылыққа арналған жерлерге салынатын салықты төлеуден босатылады», - деді кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары жайында баяндаған министр. 

Сонымен қатар ол жалпыға бірдей белгіленген режімде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді табыс салығынан босату ұсынылатынын айтты. 

«Арнайы салық режімдері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері осы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режімді пайдаланатын кәсіпкерлерді де қолдауға болады деп санаймыз», деді Руслан Дәленов.


Коронавирусқа байланысты «Азан» мәтініне өзгеріс енгізілді
Әйелін зорлап, күйеуін өлтірген: Алматы облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу