Тоқаев: «Төтенше жағдай 30 тәулік жүргізіледі»
Ел президенті Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz.
Қасым Жомарт Кемелұлы үндеу барысында коронавирус жұқпалы дертінің алдын алу шаралары туралы айтты.
- Менің кешегі жарлығыммен бүгін таңғы 8-ден бастап төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай 30 тәулік жүргізіледі. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы керек. Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда тұрғылықты дәріханаға қаралу қажет. Жалған ақпарат таратып дүрбелең туғызғандар заңды түрде жауапқа тартылады. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді, - деді ел Басшысы.