Тоқаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Қазақстан президентінің ел тұрғындарына үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуі ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты болды.
"Қазір дүниежүзін коронавирус алаңдатып отыр. Бүгін менің жарлығыммен "төтенше жағдай" жарияланды. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Бұл уақытша дүрбелең. Сақтанғанды құдай сақтайды. Сондықтан бәріміз бірлікте болайық", - деді мемлекет басшысы.