Доллардың құны 450 теңгеге көтерілді

Oinet.kz 16-03-2020 1147

Қазақстандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ долларының құны өсуде. Соңғы жарты сағатта америкалық валютаның бағасы 415 теңгеден 450 теңгеге дейін өскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

Мұндай мәліметтер Kurs порталында жарияланды. Ол жерде әртүрлі айырбастау нүктелеріндегі баға көрсетілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта KASE қазақстандық қор биржасының сайтында күнделікті сағат 11:00- де жасалатын таңертеңгілік сауда нәтижелері жоқ.

Forbes жазуынша, KASE доллардың орташа сараланған бағамын анықтай алмаған. Қазіргі уақытта қытайлық юаньнің курсы белгілі болған. Ал ресейлік рубль мен еуроның саудасы әлі басталмаған.

Жұма күні бір доллар 408 теңгеден сатылған. Бір апта ішінде шетелдік валюта 16 теңгеге қымбаттаса, бір ай ішінде 29 теңгеге өскен.

Естеріңізге сала кетейік, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистермен тілдесу кезінде ақшаны теңгемен сақтау керек пе әлде долларға айырбастаған жөн бе деген сауалға жауап берген болатын.

Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін - маман
«Келуші болма»: Елге оралмақ болған қазақстандық студентті халық қарғап тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу