Алматыда метрода әдейі жөтелген жігіт 10 күнге қамалды

Oinet.kz 15-03-2020 1085

photo_273924.jpg

Алматы тұрғыны метрода әдейі жөтеліп, видео түсіргені үшін "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 10 күнге қамалды. Бұл туралы қала полициясының баспасөз қызметі хабарлады дейді Baq.kz

Елде коронавирус тіркеліп жатқан кезде 23 жастағы алматылық әлеуметтік желіде видео жариялады. 

Қазір қиын жағдайда Х. есімді азаматтың іс-әрекеті қорлаушылық болып есептеледі. Хайп үшін жас жігіт барлық моральді және этикалық нормаларды мазақ қылды. Сол үшін полиция қызметкерлері оны әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартты, - деп жазды релизде қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен пранк жасаған жігіт 10 күнге қамалған. Сот процесінің алдында жігіт азаматтар алдында кешірім сұрады.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Әлемнің 93 елі Мархабат Байғұттың туындыларымен сусындайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу