Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Oinet.kz 15-03-2020 1115

jf6Somut.jpg

IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 6 маусымда Инглвудтағы Forum аренада (АҚШ, Калифорния) өтеді. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды. 

Бұл туралы ESPN тілшісі және инсайдер Дан Рафаэль мәлімдеді.

Инсайдердің хабарлауынша, Қазақстанда жекпе-жек өткізу енді талқыланбайды. 

Коронавирус пандемиясына байланысты бокс кестесінің өзгеруіне қарамастан, Геннадий Головкин чемпиондық титулды қорғау үшін Камил Шереметыға қарсы кездесуі 6 маусымда Инглвудтағы Forum аренада өтеді. Жекпе-жек 29 ақпаннан 28 наурызға, кейін сәуір не мамырға шегерілген болатын. Енді маусымға ауысты. Кездесу боксшының отаны Қазақстанда өтуі мүмкін еді, бірақ дереккөздің айтуынша, бұл енді талқыланбайды. GGG  ақпан айының ортасында алған жарақаты кездесу мерзімін ауыстыруға себер болған еді, - деп жазды Рафаэль.

Марат Омаров коронавирусқа қарсы ән шығарды
Алматыда метрода әдейі жөтелген жігіт 10 күнге қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу