Абаев биліктегі ауыс-түйіс туралы сыбысқа пікір білдірді

Oinet.kz 13-03-2020 1168

12 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжілісте елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қатысты заң жобасын таныстырды. Осыдан кейін министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1b9341339e3f0c21e6e6fc51b080abe6.jpg

Дәурен Абаевқа сұрақ қойған журналистерді Nur Otan партиясының алдағы жиынында қандай мәселе көтерілетіні қызықтырған. Сондай-ақ БАҚ өкілдері отырыста ел президенті ауысады деген сыбысқа қатысты да сауал қойған.

Алайда министр кезекті жиында не жайлы талқыланатынын айта алмайтынын жеткізген. Ал президент ауысады деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын кесіп айтты.

- "Ақпарат министрі ретінде мен бұл хабарды жоққа шығарамын", - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек наурыз айында Елбасының қатысуымен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлаған еді.

Кейін тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай отырыс 18 наурызда өтетінін, тиісті қаулыға Елбасы қол қойғанын атап өтті.

Коронавирус пандемиясы: «ҚМДБ жұма намазына байланысты мәлімдеме жасады»
Коронавирус Тоқаевтың жұмысына әсер етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу