Мемлекеттік грант алып, тігін цехын ашқан
Шымкент қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Мелдебаева Гүлферуза өз тігін цехын ашты.
Оған кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген. Өткен жылы көпбалалы ана ретінде қалалық жұмыспен қамту орталығына құжат өткізіп, арнайы кәсіптік оқудан өтіп, сертификат алған. Жеке бизнес жоспарын дайындап, 505 мың теңгелік (200 АЕК) грантқа қатысуға құжат тапсырып, нәтижесінде комиссияның оң қорытындысын алған. Осылайша, қайтарымсыз қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, жеке дара кәсібін бастап кеткен. Бүгінде ол тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген көрпе-жастықтар, қыз жасауларын және басқа да қажетті дүниелерді тігеді. Жалпы, 2019 жылы Шымкент қаласында 3400-ден астам азамат грант иегері атанып, әрқайсысы бизнес жоспарларында көрсеткен кәсіп түрлерімен айналысуда.
Барлық мәліметтерді «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков көшесі №89 үйде мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.
Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі.