Қайтарымсыз грант - кәсіпкерлерге нақты жол

Oinet.kz 12-03-2020 914

Шымкент қаласының тұрғыны Жанлыз Жоланова мемлекеттің грант негіздегі қайтарымсыз қаражатына шағын наубайхана ашып, дәмі тіл үйіретін ас атасын дайындап, сатуға шығаруда. 

198848ee-a9aa-4e77-826b-a60514b6dbbe.jpg

Көпбалалы ана өткен жылы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, кәсіптік оқытуға жолдама алған. Сертификаты қолына тиісімен мемлекеттік грантқа қатысу үшін бизнес жоспарын әзірлеп, онысын комиссияда сәтті қорғап шыққан.  

Нәтижесінде 505 мың теңгелік грантқа қол жеткізіп, наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде нанға тапсырыс қабылдап, отбасын асырап отырған жайы бар. 

fc213e07-2bf6-460a-90ca-5da359587f54.jpg

Жалпы, өткен жылы 3400-ден астам шымкенттік мемлекеттік грантқа ие болып, әрқайсысы бизнес жоспардағы кәсіп түрлерімен айналысуда.

Барлық  мәліметтерді  «Нұрсәт» м/а, С.Бәйтереков көшесі №89 үйде мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігі

Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі.

Ізет өз кәсібін ашты
Мемлекеттік грант алып, тігін цехын ашқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу