Медведев Елбасы және Президентпен кездесуге келді
Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанға келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Ресей Федерациясының бұрынғы премьер-министрі Дмитрий Анатольевич Елбасы мен Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесу үшін келді, деп жазады РИА Новости.
Айта кету керек, Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы болып табылады.
Кездесулер бүгін, 6 наурыз күні өтеді деп жоспарланған.
Медведевтің сапарының мақсаты - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау екені айтылды.
Еске сала кетсек, осыған дейін Дмитрий Медведев басшылық еткен Ресей үкіметінен отставкаға кеткен болатын.
16 қаңтарда ел президенті Владимир Путиннің жарлығымен Михаил Мишустин мемлекеттің жаңа прьемер-министрі болып тағайындалды.