Алматының бас имамы діни рәсімдерді өткізбеуге кеңес берді

Oinet.kz 05-03-2020 1113

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқай коронавирус қаупіне байланысты діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша тоқтатуға кеңес берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo_64430.jpeg

Ол коронавирус індетінің таралуы әлемді алаңдатып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, сақтанған адамды құдай да сақтайды.

"Адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрыс. Дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болса кейінге қалдырғанымыз жөн. Той, ас, қонақ асы, садақаларымыз бар, оған шариғат ешқандай тиым салмайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек", - деді Еркінбек қажы Шоқай коронавирус тақырыбына арналған брифингте.

Коронавирус тағы 4 елге жетті
Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу