Түркістанда мас еркек мектеп дәретханасына кіріп кетті

Oinet.kz 03-03-2020 1160

Ер адам 2002 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады екен.

Мас ер адам Төлеби ауданындағы мектеп дәретханасына кіріп кеткен. Ер адамды құқық қорғау органдары құрықтады.

Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, төтенше жағдайдан бейнебақылау камераларының арқасында құтылған.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тексеру жүргізуде. Анықталғандай, ер адам "орта дәрежелі мас күйінде" екі оқушы болған дәретханаға кірді. Бір минут ішінде полицейлер мен мұғалімдер дер кезінде жетіп, күдіктіні ұстады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп жоқ. Күдікті қамауда жатыр, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тексеру барысында күдіктінің 2002 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.

«Астана» президенттік спорт клубының директоры құрықталды
Ұлттық кеңес құрамына жаңа өкілдер қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу