Елімізде Шыңғыс ханның 25 мың ұрпағы бар

Oinet.kz 26-02-2020 1230

Осы уақытқа дейін тарихта Алтын Орданың Қазақ еліне қатысы жоқ екендігі айтылып келді. Алайда, Тәуелсіздік алғаннан кейін нағыз тарихи деректерді айтатын кез келді.  Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов Алтын Орданың 750 жылдығына жиын барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

08f8aad30734bff9f12f0a33d5b815db.jpeg

Тарихшының айтуынша, Алтын Орда империясының қалыптасуында қазақ халқының рөлі жоғары әрі біз оның тікелей мұрагерлерінің біріміз.

- Алтын Орданың құрылуы Талас құрылтайынан бастау алған, оны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Екіншіден, Жошы хан бүкіл қазақ қастерлейтін Ұлытау ауданында жерленген. Оның үстіне Алтын Орданың байтақ территориясының басым көпшілігі қазіргі біздің жеріміз. Атырау облысындағы Сарайшық қаласы да Алтын Орда астаналарының бірі болды, - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол кейбір деректе Қазақстанда "Шыңғыс ханның 25 мыңдай ұрпақтары бар деп айтылатынын, тіптен одан да көп болуы мүмкін"  деген ойын білдірді. 

- Шыңғыс хан ұрпақтары таққа көп таласқан және оларға қауіп-қатер де жоғары болған. Біздің жер кең, әсіресе төрелерге қауіп төнген кезде бір жерден екіншісіне көшіп, жан сақтаған. Сондықтан бізде олардың ұрпақтары көп болуы заңдылық, - дейді Зиябек Қабылдинов.  

images.jpg

Сөз арасында ол Шыңғыс хан ұрпақтары қазақ елін 600 жылдай билегенін және ең соңғы билігі де біздің жерде сақталғанын айтып өтті. 

- 1822-1824 жылдардағы Ресей империясының хандық билікті жою жөніндегі қаулысын ескермегеннің өзінде, 1845 жылғы Жәңгір хан басқарған хандық Еділ мен Жайық арасында сақталды, ол да Жошының ұрпағы. Ал хан Кене 1847 жылға дейін халықтың сайлауымен қазақтың ең соңғы ханы болды. Сондықтан Қазқа хандығы аспаннан түскен жоқ, ол да Алтын Орданың тікелей мұрагерлерінің бірі, - дейді тарихшы.

СҚО-да пакетке салынған сәби денесі табылды
Президент Білім және ғылым министрін қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу