СҚО-да пакетке салынған сәби денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысының ауруханасының маңынан пакетке салынған жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қыз баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалады. 25 ақпан күні СҚО Тайынша аудандық полиция бөліміне Обуховка ауылында аудандық аурухананың маңынан сәбидің денесі табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- Оқиға орнын тексеру барысында жедел іздестіру тобы аула құрылыстарының арасына жасырып қойған пакетті тапқан. Оның ішінде жаңа туған шақалақтың денесі жатқан. Алдын ала болжам бойынша оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Күдікті 1992 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Сәбидің неден көз жұмғанын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамаға жіберілді.